Атап айтсақ, амбуаторлық қызметтердің бағасы 1 айда 1,8 пайызға, ал 1 жылда 6,4 пайызға қымбаттады. Айлық динамикада дәрігер-мамандардың қызметі 6,1 пайызға, дәрігерлердің алғаш қабылдауы 2,1 пайызға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 1,4 пайызға, тіс дәрігерлерінің қызметі 0,6 пайызға өскен.
Energyprom.kz порталының хабарлауынша, Денсаулық сақтау жүйесі сапасына қатысты рейтингте Қазақстан әлемнің 95 елінің ішінде 58-орынға тұрақтады. Еліміздік әлемдік рейтингтегі индексі – 59,99. Индекс жоғары болған сайын денсаулық сақтау жүйесі де жақсы деген сөз.
Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі сапасының индексі медициалық қызметкерлерді, құрал-жаддықтарды, қызмет құнын және басқа да жайттарды бағалау арқылы түзіледі.
Рейтингке сәйкес, Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапонияның денсаулық сақтау жүйесі ең үздік саналады.
Ең нашар көрсеткіш Венесуэлада тіркелген. Ал рейтингке қатысатын ТМД елдері арасында Қазақстанның денсаулық жүйесі үздік деп танылған. Бізге қарағанда Ресей, Украина, және Әзербайжанның көрсеткіші төмен.