Орталық денсаулық сақтау көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіп, талдамалық деректі басқармаға жолдайды. Мұндай дерек басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланылады. Орталықта азаматтардың медициналық мәселесіне қатысты өтінішін қабылдайтын 1312 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Оның арқасында емхана жүктемесі азайып, дәрігерлер пациентке көбірек уақыт бөле алады. Сондай-ақ жоғалған қоңырау саны айтарлықтай қысқарады.
Орталықта телемедициналық патронаж және жасанды интеллект негізіндегі дауыс көмекшілері енгізілген. Олар пациентті қашықтан бақылауға, мамандардың онлайн-консультациясын ұйымдастыруға, сондай-ақ қала тұрғындарын скрининг, вакциналау және тексеруге автоматты түрде шақыруға көмектеседі.
Мамандардың айтуынша, Almaty Digital Medical Center – медицина мен халықтың жаңа деңгейдегі өзара әрекеттестігі, ол қалалықтар үшін көмекті қолжетімді етіп, денсаулық сақтау жүйесінің ресурсын үнемдейді.