Орталық денсаулық сақтау көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіп, талдамалық деректі басқармаға жолдайды. Мұндай дерек басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланылады. Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына, автомобиль жолдарына үлестік қатысу және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қандай түзетулер енгізілгенін айтты. Оның айтуынша, заңда үлескерлік құрылыс жағдайларын жақсарту бойынша қосымша шаралар көзделген.
Бақытжан Жүнісбеков ҚТК алаңында Үлескерлерді қолдау орталығы құрылғанын. Оның жұмысы азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу туралы кеңес беруге, белгілі бір құрылыс салушылардағы ЖАО рұқсатының не бірыңғай оператордың кепілдігінің болуы туралы ақпарат беруге бағытталған.
Құрылыс салушылар үшін тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысудың тартымдылығын арттыруға бағытталған нормалармен қатар саланы мемлекеттік реттеуді күшейту бойынша түзетулер қарастырылған.
«Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында ЖАО рұқсаты не Бірыңғай оператордың кепілдігі жоқ объектілер бойынша ипотека беруге тыйым салуға бағытталған түзетулер қарастырылған. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңында құжаттың аз қабатты құрылысқа және жеке тұрғын үйлер кешеніне қолданылуын қамтитын нормалар көзделген.
Сонымен қатар спикер құрылысқа үлестік қатысу шарттарының ашықтығы мен есебі үшін «ҚАЗРЕЕСТР» жүйесі жұмыс істейтінін айтты. Онда 143 компания тіркелген, есеп 1086 объект бойынша жүргізіледі, 178 мың шарт ресімделген. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk, БЦК, Еуразиялық банк, Jusan және eGov қосымшаларында салынып жатқан объектілерді тексерудің онлайн-сервисі іске қосылды. Бұл ЖАО-ның объектіге кепілдігін немесе рұқсатын тексеруге мүмкіндік береді. 2025 жылдың басынан бері бұл қызметті 530 мыңға жуық адам пайдаланды.