RSS лента

Биыл 170 мың баспана салынбақ

  • 13.09.2024, 11:24,
  • 50
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Құрылыс саласы экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Республика бойынша 17,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 157 мың тұрғын үй салынды. Былтыр мемлекеттік инвестициялар есебінен 21 мың пәтер салынып, 7 мың жеңілдікті займ берілді. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, биыл экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес 2024 жылы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шараларын енгізе отырып, 18 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 170 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

 

«Мемлекеттік қолдау есебінен осы жылы Қазақстан тұрғын үй компаниясының әкімдіктерге облигациялық несиелер беруі есебінен кредиттік тұрғын үйдің 16 мың пәтерін салу; республикалық бюджет есебінен 22 мың пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйді және сатып алу құқығымен мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жоспарлануда. Еліміз бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 648 мыңнан астам адам тұр», – деді спикер.

 

Бүгінгі күні кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Біріншіден, ол – жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй кезектілік тәртібімен жалға беріледі.

 

Бұл ретте, жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20%-ы сатып алу құқығынсыз жетім балалар мен көп балалы отбасыларға беріледі. Былтыр аталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде кезекте тұрған 9 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы сегіз айда 6 737 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Оставить комментарий
Последние новости
   
ЭКОНОМИКА
22.10.2417:35
Доллар вновь подорожал  
     
Все новости