RSS лента

Қазіргі таңда тұрғын үй алу кезегінде 557 мың адам тұр

  • 22.11.2023, 11:21,
  • 155
  • 0
  • Автор:
Автор фото: https://pixabay.com/oleksandrpidvalnyi

Депутат Руслан Берденов тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа сұрақ қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz Парламент Мәжілісіне сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда тұрғын үй алу кезегінде 557 мың адам тұр, оның саны жыл сайын 50 мыңға артып келеді. Ал заң жобасында табысы төмен отбасыларды жалдамалы үймен қамтамасыз ету 10 есеге артатыны көрсетілген. Алайда аталған мәселе нақты қандай уақытта шешілетіні көрсетілмеген. 


Депутат министрді кезекте тұрғандардың мәселесі қандай мерзімде шешілетінін, әрі Үкіметтің нақты жоспарына тоқталуын сұрады. Оған қоса, БҰҰ халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету нормаларына сәйкес 1 адамға 30 шаршы метр бөлінуі тиіс. Біздегі көрсеткіш қала тұрғындары үшін 23,4 шаршы метр, ал ауылда 19,8 шаршы метр. Бұл айырмашылықты қалай және қандай мерзімде жойылатынын сұрады. 


Өз кезегінде Қанат Шарлапаев, алдымен нақты сандарды білмейінше басқара алмаймыз. Қолда бар деректерге сүйенсек, кезекте тұрған 90 мың адамның баспанаға құқығы жоқ болып шықты. Өйткені олар алдынғы 5 жылда бойында баспанаға иелік еткендер. Ол тек егжей-тегжей талдау жасалғаннан кейін анықталады. Екіншіден, мәселені бөлшектеп шешу керек. Мысалы, пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы адамдар кезекте тұрса, табыс деңгейін тексеріп, бірінші кезекте аса мқөтаждарды анықтау керектігін айтты. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости