RSS лента

Онкологиялық көмек кеңейтілмек

  • 16.08.2024, 10:16,
  • 502
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Отандық денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен жаңғыртудың негізгі бағыттарын, атап айтқанда, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оның айтуынша, саладағы төрт бағытқа баса назар аударылады.

 

Біріншісі - дәрі-дәрмектерді ұтымды және тиімді қолдану. Дәрі-дәрмектерді беру моделінің өзі өзгереді. Пациентке қолдағы бар дәрі-дәрмектер емес, қажетті препараттар беріледі.

 

«Сондай-ақ емдеу нәтижелері бойынша мақсатты препараттарды пайдалану жағдайларына ақы төлеу жүйесін енгізу. Бұл біздің әріптестерімізді осы препараттардың уақытылы және дұрыс тағайындалуына қатысты тәртіпке келтіреді. Дәрі - дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дербестендірілген есепке алу жүйесін енгізу қажет, яғни дәрілік препараттар жеке алынған пациенттің қажеттіліктерін ескере отырып, тікелей есептен шығарылады және тапсырыс беріледі», - деп түсіндірді ведомство өкілі.

 

Тағы бір маңызды мәселе - білікті кадрлармен, онкологтармен қамтамасыз ету. Алдағы 2 жылда кейбір өңірде бұл мамандардың тапшылығы нөлге дейін азаяды. Қысқартылған резидентуралар іске асырылатын болады. Егер бұған дейін маман жеке мамандық бойынша резидентурадан өткен болса және қазір онкологиялық резидентурадан өтетін болса, онда олардың жұмыс істеген уақыты ескерілетін болады.

 

Тағы бір бағыт - онкологиялық орталықтардың рөлін күшейту: әр өңірде онкологиялық диспансерлер жұмыс істейді. Енді аудандарда онкологтар онкологиялық диспансерлердің қарамағында жұмыс істейді, бұл жекелеген аймақтарда онкологиялық қызметтің бірыңғай желісін құруға ықпал етеді және тиімді емдеуге, скринингтік зерттеуге ықпал етеді.

Қазақстанда скринингтік бағдарламалар, оның ішінде тоқ ішек, асқазан, өңештің қатерлі ісіктері бойынша скринингтер жүргізіледі. Эндоскопиялық орталықтарды ашу бағдарламасы аясында онкологиялық ауруды анықтап қана қоймай, ісік ауруларын уақытылы емдейтін болады.

 

Ал саланы цифрландыру шеңберінде онкологиялық қызметтер базаларда көптеген деректі толтырудан арылады. Өңірлік ақпараттық жүйелер республикалық жүйемен интеграцияланып, автоматты түрде ақпарат алмасу жүргізілетін болады. Бұл шара - дәрігерлер аз уақыт бөлетін пациенттердің жүйелі шағымдарына жауап, өйткені олар анықтамаларды толтырумен айналысуға мәжбүр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости