RSS лента

Бір апта ауруханада жатып, қайтыс болды...

  • 16.10.2025, 17:07,
  • 74
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Сот ауруханадан қайтыс болған науқастың отбасы пайдасына 3 млн теңгеден астам моральдық шығын өндірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2022 жылдың наурыз айының соңында 45 жастағы әйел Орал қаласының ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жедел жұқпалы аурумен түскен. Емделгеніне қарамастан жағдайы нашарлап, бір аптадан кейін қайтыс болған. Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, қайғылы оқиғадан кейін марқұмның анасы мен әпкесі облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухананың үстінен моральдық шығынды бірлесіп өндіріп алуды сұрап, сотқа шағым түсірген. Олар талап қоюда жақындарының өліміне медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындаудағы салғырттығы мен медициналық көмек көрсету нормаларын бұзуының салдары себеп болғанын көрсеткен.


Талапқоюшылар қызы мен әпкесінен айырылу олар үшін ауыр психологиялық күйзеліс болғанын атап көрсеткен. Үш жыл өтсе де, олар ауыр психикалық, физикалық және эмоционалдық азапты бастан кешіруде.


Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде науқасты диагностикалау, емдеу, бақылауда көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, емдеуші дәрігер медициналық көмек көрсету стандарттарынан ауытқыған, кәсіби міндеттерін дұрыс орындамаған, сондай-ақ медициналық құжаттарды бұрмалаған.


Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотта өткен сот талқылауының қорытындысы бойынша аурухананың үш дәрігері сапасыз медициналық қызмет көрсеткені үшін ӘҚБтК бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының No2 соты аурухананың медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті мен науқастың өлімі арасындағы тікелей себептік байланысты анықтап, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды негізді деп таныды.


Істің мән-жайын ескере отырып, талап қою ішінара қанағаттандырылды: ауруханадан марқұмның анасы мен әпкесінің пайдасына 3 млн-нан астам теңге өндірілді. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц