RSS лента

Ертең Астанада экологиялық айлық басталады

  • 12.09.2025, 12:31,
  • 41
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең көлемді экологиялық акция аясында елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі «Таза Қазақстан: Таза Астана» экологиялық айлығы өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Айлық барысында қала аумағын қоқыстан тазарту, саябақтар мен гүлзарларды, аулалар мен сауда орындарын, қоғамдық тамақтану нысандарын және өзге де ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жұмысы жоспарланған.


Экоайлық барысында елорданың алты ауданында ағаш отырғызылады. 


Экоакцияның негізгі мақсаты – қала көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қала көшелерін, аулаларын абаттандыруға кез келген тұрғын мен ұйым өз үлесін қоса алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости