RSS лента

Астанаға миллион терек егілмек

  • 27.04.2023, 02:47,
  • 366
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Елордада экологиялық айлық аясында көгалдандыру маусымы басталады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Осы уақыт ішінде қаланың барлық ауданында 3,5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Бұл ретте жапырақты ағаш түрлеріне басымдық беріледі. Елорданың саябақтарында, гүлзарларында және басқа да ашық алаңдарында жаз мезгіліне дайындық қызу жүріп жатыр. Ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, әктеу, субұрқақ кешендерін консервациялау жұмысы жүргізілуде.

 

8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада «Жасыл Астана» эко-айлығы өткізіледі, оның аясында бірнеше сенбілік жоспарланып отыр. Мәселен еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының, ШОБ өкілдерінің көмегімен полигонға 800 тоннадан астам қалдық шығарылды.

 

Жалпы ауданы 4 млн шаршы метр болатын саябақтар мен скверлер жиналды.

 

29 сәуірде Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді, оның барысында ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады. 3 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылмақ.

 

2023 жылы миллион жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер және т.б.) егу жоспарланып отыр. Оның барысында жапырақты ағаш түрлеріне басымдық беріледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости