RSS лента

Алматыда 2 жаңа басқарма ашылуы мүмкін

  • 21.02.2024, 14:07,
  • 226
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы барысында жаңа басқармалар құру бойынша ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Ұсынылып отырған жаңа басқармалар: сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы және қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармалары. 


Бірінші басқарманың негізгі міндеті - сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар кезінде өзін қалай ұстаудың базалық дағдыларына үйретуді ұйымдастыру, әрі ТЖ департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестіру.


Оған қоса, бұл басқармаға Алматы әкімдігі аппаратының жұмылдыру дайындығы және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі функциялары да берілетін болады.


Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың айтуынша, екінші басқарма Алматы қаласын дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, салу және абаттандыру тұжырымдамаларын әзірлеу бөлігінде қала басқармалары мен аудан әкімдіктерінің жұмысын үйлестіретін болады. 



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости