RSS лента

Креативті жобалар бастау алды

  • 18.01.2024, 01:40,
  • 131
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазпошта» АҚ креативті индустрия жобаларын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов пен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова «Қазпошта» АҚ базасында Қазақстан бойынша креативті хабтар құру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

 

Евгений Кочетов Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша министрлік қабылдаған шаралар туралы айтты. Осыған орай 2021-2025 жылдарға арналған креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасы бекітілді. ЭҚТЖЖ қызметінің 43 түрін анықтаса, оның 40-ы Үкімет қаулысына сәйкес бөлшек салықтың арнайы режиміне қосылды. Депутаттық корпуспен бірлесіп креативті индустрияны қолдау мәселелері бойынша бірқатар заңдарға өзгерістер мен түзетулер жобасы енгізіліп, авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі новеллалар кешені, креативті индустрия қайраткерлерін қолдау шаралары, т. б. әзірленді.

 

Таланттарды іздеу және қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттау мен коммерцияландыруға жәрдемдесуді көздейтін «Креатив хаб» халықаралық креативті индустрия орталығы» корпоративтік қоры құрылатын болады.

 

«Бүгін біз «Қазпошта» АҚ базасында креативті кеңістіктер құру жөніндегі бірлескен жобаны бастаймыз. «Қазпошта» АҚ осы саладағы негізгі қатысушылардың бірі болады», – деп атап өтті вице-министр.

 

Хабтардың ашылуы өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, кезең-кезеңімен іске асырылады.

 

Алғашқы хаб Павлодар облысының Ақсу қаласында және Қызылорда облысының Шиелі ауданында құрылады.

 

Креативті кеңістікте жемісті және жасампаз еңбекке, жаңа идеяларды іске асыруға, сарапшылар қауымдастығы құрылып, олардың «шығармашылық дамуы» үшін жайлы, қолайлы жағдайлар жасалады.

 

Хабтардың жұмысына кәсіпкерлер, инновациялық компаниялар, инвесторлар мен сарапшылар тартылып, шығармашылықпен айналысушылар зертхана және құрал-жабдықтармен қамтылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости