Кездесу барысында цифрлық креативті индустрияны дамыту, сала мамандарын дайындау, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, қаладағы ескі ғимараттарды қайта жаңғырту мәселелері талқыланды.
Белгілі болғандай, оның жұбайы урбанистика саласында жұмыс жасайды екен. Ал, өзінің бұл салаға еш қатысы жоқ. Өз кезегінде Тимур Бекмамбетов креативті индустрияны дамыту үшін сала мамандарын даярлау жобасымен таныстырды.
Жиында аймақ басшысы Серік Шәпкенов Голливудты бағындырған атыраулық кинорежиссерге ілтипат білдіре отырып, облыстың мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстарға қажетті қолдау көрсететінін айтты.
Сонымен қатар жиын аясында облыста жүзеге асыратын жобаларға жауапты басшы ретінде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевті бекітті.