RSS лента

«Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары, «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді

  • 07.06.2023, 16:46,
  • 439
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Кездесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени және тарихи мұраларды сақтау, білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту ісіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азулеге ілтипат білдіре отырып, оның ЮНЕСКО Бас директоры ретіндегі көшбасшылығын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталған қызметіне қолдау көрсететінін атап өтті.


Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғысын айтты. Сондай-ақ оның Түркістанға сапарын азаматтарымыз оң қабылдағанын айтты.


"Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін аса маңызды. ЮНЕСКО біз үшін ерекше ұйым әрі басымдыққа ие. Біз осы өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", – деді Президент.


Сонымен қатар, Одрэ Азуле Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне, сондай-ақ «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін растайтын сертификаттарды табыстады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости