RSS лента

Қазақстандық оқушылар әлемді бағындырды

  • 08.07.2025, 16:13,
  • 49
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстандық оқушылар Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Ел құрамасының қоржынында 4 күміс, 1 қола медаль бар. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 29 маусым мен 8 шілде аралығында өткен халықаралық білім додасына әлемнің 21 елінен оқушылар қатысқан болатын.

 

Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Қорытындысында 5 оқушымыз елге 10 марапатпен оралды.

 

Күміс медаль иегерлері:


Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;

Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;

Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;

Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

 

Қола медаль иегері:

 

Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейнің 11 сынып оқушысы.

 

Сондай-ақ, теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов, Илияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломға, Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов 2-дәрежелі дипломға ие болды.

 

Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости