RSS лента

Қазақстандықтар астрономия және астрофизика пәнінен олимпиадада жеңімпаз атанды

  • 21.08.2023, 14:12,
  • 418
  • 0
  • Автор:
Автор фото: t.me/oqu_agartu

Польшада астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысты.


Қазақстан құрамасы жыл сайын «Бөбек» орталығының обсерваториясында оқу-жаттығулардан өтеді. Биылғы жылы біздің оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды:

Күміс – Ахмаджон Табаров – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы,
Қола – Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы.


Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді.


IOAA-ның негізгі мақсаты - астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру. Биыл байқауға әлемнің 50 елінен 250 қатысушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости