RSS лента

Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиада жеңімпаздары атанды

  • 14.11.2023, 10:55,
  • 250
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Еліміздің жас өркендері Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.  

Сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық 3 команда жүлдегер атанды. Олар:

2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;

3 орын (қола) «Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;

3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.


Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости