1 қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары алғашқы оқулықтарын алады.
«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бойынша жасалған, яғни қарапайымнан күрделіге өту. Алдымен дыбыстар, әріптер, содан кейін буындар мен сөздер зерделенеді. «Әліппе» оқулығының көмегімен бірінші сынып оқушылары шағын мәтіндерді оқып, түсініп, қарапайым сөздер мен сөйлем жазуды үйренеді.
Оқулықтардың мазмұны технологиялық әзірлемелермен толықтырылған: смартфон камерасын арнайы QR-кодқа апарған кезде «суреттерді сөйлетуге» болады. Оқушылар еліміздің Әнұранын, өлеңдер мен ертегілерді тыңдай алады. Бұл баланың бойында ақпаратты визуалдық және тыңдау арқылы қабылдау дағдыларын дамытады.
«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары мазмұны жағынан бірдей және бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.