RSS лента

Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар туралы талқылады

  • 04.04.2025, 00:05,
  • 46
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Заң факультетінің студенттері ТДМ 16: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар туралы талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің студенттері мен ғылыми қоғамдастығы үшін тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) кеңінен насихаттап, олардың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарының аясында түрлі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының білім алушылары ТДМ 16 — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар құру» мақсатында өз ойларын ортаға салды. Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы мақсаты — бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар — бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын қорғауды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді және барлық деңгейде демократиялық процестерді нығайтуды көздейді. Әрбір елдің тұрақты дамуы үшін бұл мақсаттың іске асуы өте маңызды. Кафедра студенттері ТДМ 16 мақсатындағы бейбітшілік пен әділдіктің маңыздылығын айта келе, Қазақстандағы құқықтық жүйе мен қоғамдық тәртіп мәселелерін талқылады. Талқылау барысында еліміздің ішкі заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлықпен күресті тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды.Студенттер, сондай-ақ, әділдік пен теңдіктің қоғамдық өмірдің негізі болып табылатындығын атап өтті. Олар әлемдегі көптеген елдерде құқықтың әділ қолданылуы, адам құқықтарының бұзылуы және демократиялық институттардың әлсіздігі салдарынан туындайтын проблемаларды талқылап, Қазақстанның осы мәселелерді шешудегі рөлі мен жауапкершілігін түсіндірді.


     ТДМ 16-ны іске асыру үшін ең маңызды аспектілердің бірі — қоғамдық институттардың тиімді жұмыс істеуі. Студенттер бұл тақырыпты да талқылап, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдірді. Әсіресе, жастар заң мен әділдік саласындағы реформаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік институттармен ынтымақтастықты күшейту маңызды екендігін айтты. Талқылауға қатысушылар сондай-ақ, қоғамдағы барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған институттардың құрылуы мен олардың тиімді жұмыс істеуіне ерекше назар аударды. Құқық қорғаушы ұйымдардың рөлі, әділ сот жүйесін құру және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері басты талқылау тақырыптарына айналды.Білім алушылар тек ел ішіндегі емес, халықаралық деңгейде де бейбітшілікті сақтауға бағытталған күш-жігердің маңыздылығын айтты. Әсіресе, қақтығыстар мен соғыстардың экономика мен әлеуметтік жағдайларға тигізетін кері әсерлерін талқылаған олар, халықаралық құқық, келіссөздер мен дипломатияның маңыздылығына тоқталды.


    Оқу ордамыздың білім алушылары  ТДМ 16 бойынша өткізілген талқылау барысында бейбітшілік, әділдік және тиімді институттардың әлемдік дамудағы рөлін айқындап, бұл мәселелердің өзектілігін атап өтті. Студенттердің ойлары мен пікірлері жастардың қоғамдық процестерге белсене қатысып, әлемдегі ең маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысуға деген ниеттерін көрсетеді. Талқылау тек заңгерлер мен қоғам белсенділері үшін ғана емес, барлық азаматтар үшін маңызды мәселелерді көтерді. Кафедрамыздың осы бағыттағы ғылыми және оқу жұмысын нығайту арқылы еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосатын жаңа буын мамандарын даярлау бағытындағы жұмыс жалғасын табатын болады.


Мынбатырова Н.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті


Мизаш Артур

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс магистранты

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц