Заңгер мәдениеті-бұл кәсіби этика мен құқықтық сана-сезімнің, жоғары моральдық жауапкершіліктің жиынтығы. Ол тек құқықтық біліммен ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы адамгершілік қағидаттармен, құндылықтармен, жеке тұлғаның мәдениетімен тығыз байланысты. Заңгер мәдениеті-бұл заңгердің тек кәсіби шеберлігі ғана емес, сонымен қатар оның азаматтық жауапкершілігі мен қоғам алдындағы міндеттерін түсінуін білдіреді. Заңгер мәдениеті — бұл құқықтық білімді, кәсіби этиканы, моральдық құндылықтарды, гуманизм мен әділеттілікті меңгеру мен ұстанудың нәтижесі болып табылады. Заңгер өзінің кәсіби міндеттерін атқарған кезде тек заңды ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарын, әлеуметтік әділеттілікті және қоғамның тұрақтылығын сақтау принциптерін ұстануы тиіс. Бұл оның құқықтық мәдениетінің негізгі аспектілерін құрайды.
Сонымен қатар, заңгер мәдениеті оның қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігін де қамтиды. Заңгер өз жұмысында тек заңдық нормаларды ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы адамгершілік қағидаттарын, әлеуметтік әділеттілікті сақтауды көздеуі керек. Заңгер мәдениетінің маңызды бөлігі — кәсіби этика. Кәсіби этика — бұл заңгердің қоғамдық өмірде әділ, адал, жауапкершілікті болуын, клиенттің, қоғамның мүддесін қорғауға міндетті екендігін білдіретін моральдық нормалар жүйесі. Заңгердің ең басты міндеті — әділеттілікті сақтау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамның мүддесін қорғау.
Сонымен қатар, ол өз қызметінде моральдық және этикалық мәселелерді ескере отырып, жеке адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Заңгерлер үшін кәсіби этиканы сақтау өте маңызды. Әсіресе, олар сот процесстерінде немесе құқықтық кеңес беру барысында тәуелсіз болуы керек, өз клиенттерінің немесе басқа тұлғалардың мүддесіне қарсы шықпау үшін адалдық танытуы керек. Сонымен қатар, заңгердің кәсіби этикасы өзіне сенімді болуды, ашықтықты, әділдікті, терең білімді және тәуелсіздікті талап етеді. Құқық қорғаушы маманның міндеті — қоғамға пайдалы қызмет көрсету және әділеттілікті қамтамасыз ету, сонымен қатар өз кәсіби қызметінде тек заңды ғана емес, моральдық құндылықтарды да ұстану.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасы жоғарыда аталған қабілетті білім алушыларға сіңіруге тырысады.Білім алушыларға заң саласындағы жұмыс маңыздылығын,жұмыс барысы маңызды болғандықтан өз қызметіне құрметпен қарауды және жауапкершілік танытуға шақырады.Болашақ заңгер мәдениеті кәсібилік пен адамгершіліктің үйлесімінен тұрады. Ол заң талаптарын сақтаумен қатар, қоғамға қызмет ететін тұлға болуы тиіс. Әдептілік, жауапкершілік, шешендік өнер, моральдық тазалық – нағыз заңгердің басты қасиеттері. Осы құндылықтарды бойына сіңірген маман ғана әділетті қоғам қалыптастыруға үлес қоса алады.
С.Ж. Сулейменова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі,заң ғылымдарының докторы,профессор