RSS лента

Тоқаев Конституциялық Сот төрағасын қабылдады

  • 23.02.2024, 12:48,
  • 424
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Президент Конституциялық Соттың 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын бағалады деп хабарлайды Turantimes.kz 

Төраға Эльвира Азимованың баяндамасынан:

- былтыр Конституциялық Сотқа 5 мыңнан астам өтініш, оның 99 %-ы азаматтардан келіп түскен:
– азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген.
- конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр;
- былтыр 558 құқық нормасы тексеріліп, нәтижесінде 29 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу жөнінде кеңес берілген:
1) Қылмыстық-процессуалдық, Салық кодекстерінің және бірқатар заңның жекелеген нормаларын қайта қарау жөнінде ұсыныстарын берген; 
2) бүгінде Үкімет пен уәкілетті органдар аталған ұсынымдардың 16 %-дан астамын орындаған.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы аталған органның құрылуы және оның қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандығын қорғауға қатысты қоғам мен мемлекеттің сұранысына сай келетінін айтты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости