"Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалсын" делінген Президент Жарлығында.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы лауазымына кірісетін Эльвира Азимованы қабылдады.
Президент Конституция нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін жаңа орган құрудың маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот еліміздегі демократияның негізгі қағидаттарының орнығуына үлес қосып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Жаңа орган Конституциялық Кеңестің құзыретіне кірген мәселелер шеңберінен тыс азаматтардың белгілі бір нормативтік құқықтық актілер олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтын өтініштерін де қарайды.