RSS лента

Кім президент болғысы келеді?

  • 14.10.2022, 04:50,
  • 408
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда президент болуға әркімнің бар таласы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРЛАН ӘБДІРОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

 

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі 2022 жылғы 11 қазанда сағат 18.00-де аяқталғаны белгілі. Орталық сайлау комиссиясына ұсыну кезеңінің қорытындылары бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған 12 кандидаттың құжаттары тапсырылды.

 

Олар:

 

  1. Мейрам Зекешұлы Қажыкен.

«Аманат» Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы» ұсынды. Орт а лық с айлау комиссиясына құжаттары 2022 жылдың 4 қазанында т ап с ы р ы л д ы . Л и н г в и с т и ка л ы қ комиссияның 2022 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 8 қазанында ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталды.

 

  1. Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев.

«Ауыл» Халықтықдемократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттары 2022 жылдың 5 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 9 қазанында ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталды.

 

3 . Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев.

«Жалпыұлттық социалдемократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттары 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 10 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылдың 10 қазанында ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталды.

 

  1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

«AMANAT» партиясы, «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол» ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды. Комиссияға құжаттары 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінің анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктердің келесі мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика Президентіне қолданылмайды. 2022 жылдың 8 қазанында ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталды. Ал, 12 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төраға лығымен Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол 2022 жылдың 7 қазанында Орталық сайлау комиссиясына бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін ұсынылған құжаттар – Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың активтер мен міндеттемелер жөнінде декларация тапсырғаны туралы Мемлекеттік кірістер органының анықтамасы, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытындысы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы а с т а н а с ы н ы ң аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат ҚасымЖомарт Тоқаевты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары. Х а т т а м а л а р ғ а с ә й к е с Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың қолдауына Қазақстанның барлық 20 өңірінен 399 809 азаматтың қолы жиналды. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдау үшін рас қолдардың қажетті саны шегіне жетуіне байланысты (кемінде 118 273 қол, Орталық сайлау комиссиясының № 69/549 қаулысы) тексеру тоқтатылды. Қ.Тоқаевты Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР ОСК қаулысымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып тіркеліп, тиісті куәлік берілді.

 

  1. Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев.

«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттары 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Ал, 12 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұржан Әлтаевтың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов баяндама жасап, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұржан Әлтаевқа қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Нұржан Әлтаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды. Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Нұржан Әлтаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес келеді. Ұсынылған мәліметтерге сай, Нұржан Әлтаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 44 жыл бойы тұрады, мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 5 жыл 2 ай. Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсынған «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жоғары білімі бар, дипломның түпнұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілген. Сонымен қатар 2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Астана қаласы Байқоңыр ауданы сотының «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Президенттігіне кандидат ұсыну туралы 2022 жылғы 6 қазандағы № 19 хаттамасының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымын дереу орындау талабы келіп түсті. Соттың шығарған шешімі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес кандидат Әлтаев Нұржан Бауыржанұлының Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігін белгілеу тоқтатылды.

 

  1. Қарақат Жақсылыққызы Әбден.

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттары 2022 жылдың 8 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 10 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 2022 жылғы 11 қазанда ҚР ОСК Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін белгіледі.

 

  1. Талғат Файзуллиұлы Ерғалиев.

«Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 10 қазанында тапсырылды. Ал, 13 қазан күні Талғат Ерғалиевті Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылданды. Құжатта: «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Та лғат Файзуллиұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп белгіленсін. Талғат Ерғалиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын» делінген.

 

8.Жұматай Әлиев.

«Халық демографиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттар 2022 жылдың 10 қазанында тапсырылды. Ал, 12 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жас ады. Ол Қазақст ан Республикасы Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевке қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Жұматай Әлиевқа қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды. Жұматай Әлиев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 70 жыл бойы тұрады. Мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 6 жыл 9 ай. Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсынған «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 12 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жоғары білімі бар, дипломның түпнұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілген. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады.

 

  1. Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов.

Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды. Ал, 13 қазан күні Хайролла Ғ а б ж а л и л о в т і Қ а з а қ с т а н Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылданды. Құжатта: « Қ а з а қ с т а н Р е с п у бл и к а с ы н ы ң Президенттігіне кандидат Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы с а й л а у т у р а л ы » Қ а з а қ с т а н Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп белгіленсін. Хайролла Ғабжалиловті Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын» делінген.

 

  1. Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттар 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды. Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен 12 қазан күні өткен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбековаға қатысты сайлау тур а л ы Ко н с т и ту ц и я л ы қ з а ң н ы ң 59-бабының талаптарына сәйкес ҚР ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай Салтанат Тұрсынбековаға қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды. Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңының талаптарына сәйкес келеді. Салтанат Тұрсынбекова тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 23 жыл бойы тұрады, мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 22 жыл 10 ай. Әділет министрлігі ұсынған деректерде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар. Лингвистикалық комиссияның 12 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жоғары білімі бар, дипломның түпнұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілген. Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттыққа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.

 

  1. Бақыт Маратұлы Жаңабаев.

«Футбол жанкүйерлерінің қазақстандық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Орталық сайлау комиссиясына құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды. Лингвистикалық комиссияның 13 қазандағы отырысында кандидат Бақыт Жаңабаевтың мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының 13 қазандағы отырысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылданды.

 

  1. Фатима Бизақова.

«Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды. Ал, 13 қазан күні Фатима Бизақованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылданды. Құжатта: «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Фатима Бизақова Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп белгіленсін. Фатима Бизақованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын» делінген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости