«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 12-бабының 10) тармақшасына, 44-бабының 1 және 5-тармақтарына, 45, 46, 65-баптарына және 66-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабы 2-тармағына сәйкес және қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналсын.
2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тіркелсін.
3. Тіркелген Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті куәлік тапсырылсын.
4. 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылдың 26 қараша болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.