RSS лента

Қазақстандықтарды WhatsApp-тан қорқытып жүрген кім?

  • 17.03.2025, 00:42,
  • 245
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар туралы ескі фейк тағы да таралуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар туралы ескі фейк тағы да таралуда. WhatsApp-та полиция қызметкерлеріміз деп таныстыратын белгісіз біреулердің үйлерді аралап жүргені туралы ескерту тарады. Олар ІІМ белгісі бар жалған құжаттарды көрсетіп, алдағы уақытта өтетін «халық санағы» қарсаңында жеке куәліктерді тексеріп, биометриялық мәліметтер жинап жүргендерін айтады. Ресми stopfake.kz мәліметінше, бұл – ескі фейк.

 


Жаңа хабарлама 2024 жылдың қарашасында Қазнетте таралған ақпаратпен бірдей. Сол кезде біздің портал ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен түсініктеме алған болатын.

 

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар айында WhatsApp-та осы сияқты тағы бір фейк тарады, онда сенімдірек болатындай суреттер ұсынылған.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц