Сегодня - 07 апреля 2025 г 
 
RSS лента

«Меломан» маңызды мәлімдеме жасады!

  • 21.02.2025, 10:16,
  • 53
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Facebook-те «Меломан» интернет-дүкені атынан жарнама жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Пайдаланушыларға бар болғаны 1 050 теңгеге 9 бестселлер ұсынылады. Ол үшін сауалнамаға қатысу керек. Акция мемлекеттік бағдарлама аясында ұйымдастырылған екен. Бұл - өтірік. «Меломан & MARWIN» дүкендер желісі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Желіде тараған жарнамаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы stopfake.kz мәлім етті.

 

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп ресми түрде мәлімдейміз. Мұқият болыңыздар және тек тексерілген дереккөздерге ғана сеніңіздер. Өтіп жатқан акциялар мен арнайы ұсыныстармен «Меломан» интернет-дүкенінің ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда танысуға болады. Егер сұрақтарыңыз болса, клиенттерге қамқорлық жасау қызметіне хабарласыңыздар», – делінген «Меломан & MARWIN» ресми хабарламасында.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц