RSS лента

Полицей жігіт қарсыласын нокаутқа жіберді

  • 06.02.2025, 17:11,
  • 144
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық ПД

Жас полицей Елдар Жұмажанұлы 35 секундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, былғары қолғап шебері атанды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қызметіне адал, спортта мықты – бұл еліміздің құқық қорғау саласында еңбек етіп жүріп, рингте биік белестерді бағындырған нағыз чемпионның сипаттамасы. Полиция қызметкері болу – тек заң мен тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар физикалық және рухани мықтылықты қажет ететін жауапты мамандық. Қызметінде абыройлы еңбек етіп, спортты да қатар алып жүрген тәртіп сақшыларының қатарында спортта жұлдызы жанып, шенінде жұлдыздары жарқырап жүрген Елдар Жұмажанұлы Отаралыны ерекше атап өтуге болады.  2022 жылдың қаңтар айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етіп келе жатқан полиция аға лейтенанты Елдар тек қызметімен ғана емес, спорттағы жетістіктерімен де ел мақтанышына айналды.

 

Төзімділік пен жігердің шыңдалу алаңы – спорт. Елдар 2018 жылдан бастап ережесіз жекпе-жек, қоян-қолтық ұрыс, бокспен айналысып, мықты шеберлік қалыптастырды. 2021 жылы Ресей Федерациясының Астрахань қаласында өткен «Каспий маңы елдерінің кубогы» халықаралық турнирінде алтын жүлдеге ие болса, 2023 жылы Қазақстан кубогы үшін өткен қоян-қолтық жекпе-жекте чемпион атанып, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Жеңістер мен жетістіктер жолында былғары қолғап шебері Елдар жаңа белестерді бағындырып, 2025 жылы өткен «Dosboxing champion 4» бокс кешінде әртүрлі сала өкілдері мен әлемдік деңгейдегі промоушендерде өнер көрсетіп жүрген мықты жауынгерлермен бірге бақ сынап, «Suleimen» жүлдесі үшін айқасқа түсті. Табандылығы мен шеберлігінің арқасында Елдар бұл додада да топ жарып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Қарсыласын ұрыстың алғашқы 35-секундында нокаутқа жіберген бокшы спортсүйер көрерменнің қошеметіне бөленді

 

Шынымен де, тәртіп сақшылары тұла бойына қырағылық пен өжеттілік қасиеттерін әбден сіңіргенде, олар қоғам үшін адастырмас темірқазыққа айналады. Халқымыздың тыныштығын күзетіп, елдік жолында талмай еңбек етіп, тер төккен жігерлі жігіттердің жеңісі көп болсын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц