RSS лента

Семейде түнде шыққан өрт әлі ауыздықталмады

  • 06.02.2024, 13:05,
  • 120
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: Абай облысының ТЖД

Полиция мен өрт сөндірушілер оқиға орнында қызмет етіп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Полиция мәліметінше, 6 ақпанда "Ақшын" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Дабыл бойынша полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 3-тен бастап жанып жатқан ғимаратқа кіруге тырысқан азаматтар мен көліктерді эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.


Қазіргі уақытта 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетіп жатыр. Ғимарат қоршауға алынды, іргелес көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды.


Тәртіп сақшылары құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Периметр бойынша полиция нарядтары күшейтілді. Алайда оқиға орнында өрт сөндірушілерге жалынды тоқтату жұмыстарын атқаруға кедергі келтіріп жатқан адамдар аз емес.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости