Айдос Рысбаев 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер.
Еңбек өтілі:
1996 жылдың қараша айынан бастап 1997 жылдың қазан айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған;
1998 жылдың 09 сәуірінен бастап Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы;
2001 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІБ «Алматы» ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі;
2003 жылдың 13 наурызынан бастап Астана қаласы ҚІІБ «Алматы» ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі;
2003 жылдың 07 тамызында Астана қаласы ҚІІБ «Алматы» ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі;
2005 жылдың 30 маусымынан бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы;
2008 жылдың 24 шілдесінен бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;
2010 жылдың 01 қарашасынан бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы;
2012 жылдың 26 қаңтарынан бастап Астана қаласы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары;
2014 жылдың 04 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары;
2016 жылдың 13 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының бастығы;
2019 жылдың 05 маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2022 жылдың мамыр айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.