RSS лента

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Автор фото: gov.kz

Асан Қуанышұлы Жүсіпов ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Асан Қуанышұлы 1973 жылы 10 ақпанда Имантау ауылы, Арық-Балық ауданы, Көкшетау облысында туылған.


Қарағанды РАИМ дің 1991 жылғы түлегі. 1995 жылы АЖҚҚУ-сін тамамдаған. 2003 жылы ҚР ҚМ Әскери академиясын аяқтаған. 2015 жылы ҰҚУ Бас штабы факультетін аяқтаған.


Мотоатқыштар взводы, ротасы, батальоны, мотоатқыштар бригадасының штаб бастығы, танк бригадасы командирі қызметінде жұмыс атқарды.
2016 жылдан бері «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығы штаб бастығы.
1995 жылғы сәуірден бастап 2001 жылғы тамыз айына дейін взвод командирі лауазымынан бастап 40398әскери бөлімінің мотоатқыштар батальоны командирі лауазымдарын атқарды.
2001 жылғы тамыз бен 2003 жылғы маусым аралығында ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы болды.
2003 жылғы маусым және 2008 жылғы наурыз аралығында 27943 әскери бөлімі штаб бастығы – командирдің орынбасары мен командирі лауазымын атқарды.
2008 жылғы наурызда 21450 әскери бөлімі командирі болып тағайындалды.
2012 жылғы тамыз айында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы ретінде тағайындалды.
2013 жылғы тамызда Ұлттық қорғаныс университетіне тындаушысы болып қабылданды.
2015 жылғы маусымда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы ретінде тағайындалды.
2016 жылғы қараша айында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасышысының штаб бастығы – бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылғы 15 қыркүйегінен 2022 жылдың 7 сәуір аралығында Мемлекет басшысының өкімімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасышы болды. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости