Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, 27-ші қазан күні демалыс аймағында жауын-шашынның көп түсуі себепті пансионаттағы кейбір корпусқа жәндіктер кіріп кеткен. Кейін ата-аналардың кейбірі балаларын Құлсарыға қайтару туралы өтінінш білдірді. Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім еткендей, облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 54 бала аман-есен үйіне жетті. Олардың жолдағы қауіпсіздігін 5 жетекші қамтамасыз етті. Ал 120 оқушы демалысын жалғастырып жатыр. Балалардың қасында 13 педагог жұмыс істеуде.
Пятигорск қаласының «Гигиена және эпидемиология орталығы» мамандарының тексерісінен кейін «Қазақстан Геологы» демалыс орнындағы жәндіктің адам денсаулығына зияны жоқ екені анықталды. Лагерьде қалған оқушылар демалысын жалғастыруда. Айта кетейік, жәндіктер анықталған бөлмелерге қосымша дезинсекция жұмысы жүргізілді.