Ресми stopfake.kz мәлім еткендей, кесте алғаш рет 2024 жылдың 27 шілдесінде Siri & Glimstad заң фирмасының басқарушы серіктесі Аарон Сиридің парақшасында жарияланды. Заңгер негізгінен вакцина шығаратын компанияларға қарсы талаптармен айналысады. Ал кестені Informed Consent Action Network жасаған. Бұл вакцинацияға қарсы ұйым 2016 жылы құрылған және АҚШ-тағы екпеге қарсы ұйымдардың бірі болып саналады. Оның негізін қалаған Делем Бигтри.
Негізделген вакцинация саясатын қолдайтын Hoosiers Vaccinate ата-аналар қауымдастығы Бигтриді жалған беделі бар адам деп атайды. Оның екпеге қарсы көзқарастарын медицина қызметкерлері мен аутизмі бар балалардың ата-аналары бірнеше рет сынға алған. Десе де, ол ток-шоулар мен вакцинацияға қарсы митингілерге қатысып, халықты жалған ақпараттандыруды жалғастыруда.
Сынақтан өткізілмей медициналық мекемелерге жіберілген бірде-бір вакцина жоқ. Балалар мен жасөспірімдерді иммундау кестесіне енгізбес бұрын, барлық дәрі-дәрмектер ұзақ уақыт тексеріледі. Мұның қалай болатыны HealthyChildren сайтында егжей-тегжейлі сипатталған. Бұл Америкалық педиатрия академиясы құрған және 67 мыңнан астам АҚШ педиатры қолдайтын ата-аналар порталы.
Кез-келген вакцинаның қауіпсіздігі тексеріледі. Бірнеше клиникалық сынақ жүргізіледі. Олардың әрқайсысы хаттама деп аталатын егжей-тегжейлі жоспарды ұстанады. Хаттама зерттеу тәуекелдерін азайтуға, пайдалы нәтижелер мен нақты сұрақтарға жауап алу ықтималдығын арттыруға арналған. Вакцина мақұлданған кезде де, оны қолдану барысында қауіпсіздігі туралы мәліметтер жиналады.
Соңғы ондаған жылдар бойы бүкіл әлемде вакциналардың қауіпсіздігі бойынша жүздеген ауқымды зерттеу жүргізілген. Олардың барлығы екпенің балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз екенін көрсетті. Вакциналар қант диабеті немесе фертильділік проблемалары, аутизм немесе дамудың кешігуі сияқты аурулармен байланысты емес. Егу ингредиенттері де қауіпсіз.
HealthyChildren сайтында ата-аналар вакциналардың қауіпсіз екендігі туралы дәлелдермен таныса алады. Мұнда ғылыми басылымдарда жарияланған зерттеулер келтірілген.
2019 жылдың мамырында Informed Consent Action Network шығарған баспасөз хабарламасында MMR кешенді вакцинасы (қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцина) дұрыс тексерілмеген деп жалған мәлімдеген. Бұл ақпаратты АҚШ-тағы онкологиялық хирург Дэвид Горский жоққа шығарды. Ол екпенің қауіпсіз, өте тиімді және аутизм тудырмайтынын түсіндірді.
Informed Consent Action Network-тің балаларға арналған вакциналар толық тексерілмеген деген мәлімдемесі жалған. Вакцинацияға қарсы ұйым халықты жалған ақпараттандырып, осылайша кәмелетке толмағандардың өміріне қауіп төндіреді.