RSS лента

1414-тен тегін тамақ туралы хабарлама тарады

  • 10.10.2024, 16:30,
  • 247
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Қазақстандықтар WhatsApp-та 1414 нөмірінен келіп түскен хабарламаға берілген жалған түсініктемені таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Пайдаланушылардың бірінің телефонына 1414 нөмірінен мектепте тегін тамақтануға ваучер берілетіні туралы ақпарат келген екен. Ал ол адам хабарламада көрсетілген сілтемеге өткен кезде оның банктік картасы бұғатталған.



«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді.

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) 2024 жылғы 1 қазанда eGov Mobile қосымшасының пайдаланушыларына мектептерде тегін тамақтануға цифрлық ваучер алу жайында 1414 нөмірінен хабарлама жіберді. Хабарламаның жіберілімі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан ұйымдастырылды.

 

Мәтіндегі сілтеме eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисіне апарады. eGov Mobile қосымшасы алдын ала орнатылмаған жағдайда, сілтеме пайдаланушыны оны жүктеу және орнатуға апаратын қосымшалар дүкендеріне жібереді.

 

Алайда, кейбір пайдаланушылар мессенджерлерде бұл жіберілім алаяқтық және банктік қосымшаларды бұғаттауға әкеледі деген ақпарат алуда. Осыған байланысты, бастапқы хабарлама шындыққа сәйкес келетінін, электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы штаттық режимде жұмыс істейтінін, үшінші тұлғалардың пайдаланушылардың деректеріне қол жеткізе алмайтынын атап өтеміз.

 

Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық нақты ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады.

 

Пайдаланушылар eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы жайында туындаған барлық мәселелер бойынша 1414 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласа алады», – делінген «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости