RSS лента

ХҚКО мен eGov сайттары бұзылғаны рас па?

  • 11.09.2024, 17:20,
  • 150
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

WhatsАpp мессенджерінде ХҚКО сайттары мен eGov Mobile қосымшасы бұзылғаны туралы аудио хабарлама тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұндай ақпарат полициядан келіп түскен екен. Аудио авторы 1414 нөмірінен келетін сілтемелер арқылы өтпеңіздер деп ескертеді. Ресми stopfake.kz бұл ескі фейк екенін мәлімдеді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мессенджерлерде тараған ХҚКО сайты мен EGOV Mobile мобильді қосымшасын бұзу туралы аудио хабарлама жалған болып табылатынын және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

 

Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, портал мен мобильді қосымшаны пайдаланушылардың деректері үшінші тұлғалар үшін қол жетімсіз.

 

Пайдаланушылардан жалған хабарламаға ден қоймауға және теріс, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Электрондық үкімет порталы мен eGOV mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ресми ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда, eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады.

 

Пайдаланушылар eGov.kz порталының және eGOV Mobile мобильді қосымшасының жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласа алады», – делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости