Тиісті ақпарат ресми сайтта жарияланды. Бұл туралы stopfake.kz мәлімдеді.
«Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды.
Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады», – делінген хабарламада.
eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады.