Осы уақытқа дейін қазақстандықтардың медициналық деректері бойынша барлық ақпараттары «Электрондық үкімет» порталының әртүрлі бөлімдерінде шашыраңқы, пайдаланушылар үшін ыңғайсыз болды.

Осылайша, ақпараттық ашықтықты сақтай отырып, азамат туралы барлық медициналық деректерді бір бөлімге топтастыру идеясы пайда болды.

Өз кезегінде ата-аналар да балаларының денсаулығына қатысты ақпаратты көре алады. 

Қазіргі уақытта бөлімді ҚР азаматтарының қажетті медициналық деректерімен толтыру жұмыстары жалғасуда.