Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.
Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана, Шымкент қалаларында сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізілетін болады.