RSS лента

Балабақша кезегіне өзгерістер енгізілмек

  • 13.03.2024, 18:14,
  • 374
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Баланы балабақшаға кезекке қоюдың жаңа моделі пилоттық режимде іске асырылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін жою мақсатында кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдегендей, жоба қазіргі таңда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылуда.

 

Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аяқталған соң кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы еліміздің барлық аумағында қолжетімді болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости