RSS лента

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

  • 15.08.2023, 10:49,
  • 450
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/_alicja_

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құруда, деп хабарлайды Turantimes.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.


Ата-аналардың отбасының өмірлік түрлі жағдайларына байланысты мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа жолдары қарастырылуда. Балаларға тең жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе - халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын тегін тамақтандыру болып табылады.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.


Елімізде 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости