«Жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 217 мектеп, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 25 жоба, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестицияларды тарту арқылы 60 мектеп салынады», – дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.
Мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Тек соңғы үш жылда 477 мың орындық 791 мектеп пайдалануға берілді.