RSS лента

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп салынады

  • 17.08.2023, 09:01,
  • 469
  • 0
  • Автор:
Автор фото: t.me/KZgovernment

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен мектептер құрылысын және қайта жаңғыртуды қаржыландыру мақсатында білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Үкіметтің хабарлауынша, жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды.


Жалпы Қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.


Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости