RSS лента

25 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

  • 16.10.2023, 17:39,
  • 306
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/wokandapix

2023-2024 оқу жылының басында білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 24 566 орындық 13 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Министрліктің мәліметінше, нысандардың 6-уы Алматы облысында, 3-уі Астана қаласында, 2-уі Қызылорда облысында және бір-бірден Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында салынуда.  


«Қызметін сыбайлас жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жүргізетін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры үш ауысымды, апатты мектептерді, оқушы орны тапшылығын жою мақсатында құрылды. Іріктеу 11 басымдық бойынша жүргізіледі, ең алдымен, бұрын басталған мектептердің құрылысын аяқтауға басымдық беріледі. Бүгінгі таңда қор 76 738 орындық 62 мектептің құрылысын қаржыландырды. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың есеп-шотына аударылды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости