RSS лента

2023 жылда жалпы білім беретін 24 мектеп пайдалануға берілді

  • 17.08.2023, 15:30,
  • 393
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/jarmoluk

2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында 13 589 орынға арналған жалпы білім беретін 24 мектеп, сондай-ақ 1458 орынға есептелеген мектепке дейінгі 19 ұйым пайдалануға берілді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Оның ішінде 12 мектеп пен мектепке дейінгі 14 мекеме ауылды жерлерде орналасқан.


Айта кетері, 6 мектеп мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен, қалған 18-і жекеменшік кәсіпорындар тарапынан пайдалануға берілген.


Жоғарыда аталған уақыт аралығында пайдалануға берілген жалпы білім беретін мектептердің көпшілігі Түркістан облысында – 11, Жетісу облысында – 3, Атырау және Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында 2 мектептен. Астана қаласы және Ақтөбе облысында бір-бірден.


Салыстырып өтсек, былтырғы алғашқы жеті ай ішінде 3 000 орындық жалпы білім беретін 13 мектеп пен 1600 орындық мектепке дейінгі 13 мекеме пайдалануға берілген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости