RSS лента

Министр қауіпті вирусқа қатысты мәлімдеме жасады

  • 10.10.2024, 12:15,
  • 328
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ДДСҰ жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін жаңа қауіпті инфекция туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Марбург вирусының табиғи ошақтары: Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка өңірлері. Ол Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Кения, Зимбабве, Руанда елдерінде тараған. Марбург безгегі ауыр өтетінімен, жоғары өлім, гемаррагиялық синдром, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, бұл вирус жарқанаттан адамға таралады, ал науқас оны өзімен жақын байланыстағы адамдарға жұқтыруы мүмкін.

 

«Симптомдарға дене температурасының күрт көтерілуі, қатты бас ауруы және бұлшықеттер ауруы жатады. Үшінші күні диарея, іш ауруы, сосын құсу болуы мүмкін. 5-7 күндері көптеген адамдарда ауыр гемаррагиялық симптом қосылады. Қан кету байқалады. Өлім жағдайлары 8-9 күні болады. Оның алдында қатты қан жоғалту және естен тану болады. Сарапшылар атап өткендей, вирус қауіпті, өйткені қазіргі уақытта оған қарсы вакцина жоқ, нақты ем жоқ, тек қана симптомды емдеу шаралары ғана жүргізіледі», – деді спикер.

 

Қазақстандықтардың көшіп-қонуы жоғары және эпидемиялық елдерге баруын ескере отырып, Комитет осы инфекцияның елге әкелінуінің алдын алу үшін мынадай шараларды сақтауға ұсынады: эндемиялық елдерге баратын кезде жұқтырған адамдармен байланысты болудан аулақ болу, Африка ормандарында кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу, жергілікті жануарлардың шала қуырылған етін жемеу және мысырлық жарқанаттар шоғырланған шахталар мен үңгірлерге бармау.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости