RSS лента

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қарқынды жалғасуда

  • 27.09.2024, 12:35,
  • 73
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл жолы оған Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындары қосылды. Аталмыш іс-шара қыркүйектің соңғы жексенбісінде белгіленген Еңбек күніне орайластырылды. Акцияға жастар ұйымдары, азаматтық сектор өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер, «Жасыл Ел» жасағы және жергілікті коммуналдық қызметтер – барлығы 250 адам қатысты. Барлығы жұмылып 16 м3 қоқыс жинап шығарды. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты аялап, қоршаған ортаға таза ұстауды насихаттау. Жоба басталғалы Ақмола облысында 500-ден астам экологиялық іс-шара өтті, оған 600 мыңға жуық адам қатысты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости