Жоба аясында жастар өзінің тұрғылықты жерін көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады. Сонымен қатар, маусымдық жұмыспен қамту және су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету мақсатында «Ауыл» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанаты құрылыс жасақтарын іске қосты.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 40-қа жуық жас табиғи апаттан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға қолғабыс етуде.
Жастарды маусымдық жұмыспен қамту жұмыстары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Өңірлік жастар ресурстық орталықтарына жүгінуге болады.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.