Сот бұйрығын орындау барысында үш жеке сот орындаушысы (ЖСО) ауысқан.
2021-2022 жылдары ЖСО ер адамның алимент бойынша қарызын 6 миллион теңгеден астам, 2023 жылы 7 миллион теңгеден астам деп анықтаған.
Одан басқа, ер адамның ломбардқа 3 миллион теңгеден астам қарызы болған.
ЖСО борышкерге тиесілі «Мерседес-Бенц» автокөлігін тәркілеп, өндіріп алған, кейін ол 4,7 млн теңгеге сатылған.
Бұл қаражат, ЖСО-ның қаулысымен – ломбардқа 3 млн теңгеден астам, басқа да атқару өндірісіне 1 млн теңгеден астам және 500 мың теңге ЖСО-ның жұмысына ақы төлеу үшін бөлінген. Сол күні атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған.
Алайда, бірінші кезектегі талап қоюшы - үш баланың анасына алимент бойынша берешегін өтеу үшін қаражат Жеке сот орындаушысынан (ЖСО) аударылмаған.
Әйел сотқа талап қоюмен жүгініп, ЖСО-ның өндіріп алынған ақшалай қаражатты бөлу тәртібін және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын бұзып, оның пайдасына және ломбардтың пайдасына барлық соманы бөлуге заңдық негізі жоқ екенін атап көрсеткен.
МАӘС заңсыз деп танып, ЖСО-ның даулы қаулысының күшін жойып, ана мен оның кәмелетке толмаған балаларының құқықтарын қорғайтын неке және отбасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу процесін реттейтін нормаларды бұзғанын атап өтті.
Апелляция МАӘС-тың шешіміне қолдау бірдірді.
ЖСО сот актілеріне кассациялық тәртіпте шағымданды.
Жоғарғы Соттың ӘІЖСА іс материалдарын зерделей келе, ұсынылған дәлелдемелерді бағалай отырып, іс бойынша шығарылған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін көрсетті.