RSS лента

32 су нысаны мемлекетке қайтарылды

  • 07.08.2024, 14:00,
  • 623
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

2024 жылдың басынан 32 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл 31 суару каналы мен 1 бөгет. Аталған нысандардың барлығы Жамбыл облысында орналасқан. Қазіргі уақытта еліміздің басқа өңірлеріндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.


«Министрлік еліміздің су инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмысты бастады. Мысалы, Президенттің тапсырмасы аясында 2030 жылға дейін су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша кешенді жоспар әзірленді. Жоспарда 44 су қоймасын салу, 76 гидротехникалық құрылысты, 5321 шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту, сондай-ақ 3230 тік дренажды ұңғыма бұрғылау көзделген. Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц