Күндізгі уақытта белгісіз адам супермаркетке келіп, клиент кейпінде тауарларды арбаға асықпай тиеп, содан кейін еш кедергісіз дүкеннен шығып кеткені белгілі болды. Polisia.kz мәліметінше, жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер бұрын сотталған 21 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ұсынады.