Polisia.kz хабарлағандай, Алматы облысы полиция қызметкерлерімен Іле ауданында дүкен ұрысы ұсталды. 9 желтоқсанда Іле ауданы ПБ кезекші бөліміне азық-түлік дүкенінің сатушысы хабарласып, телефоны ұрланғаны жайында арызданды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеп, күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында оның бұрын қалта ұрлығы үшін сотталғандығы анықталды. Алматы облысының Полиция департаменті сауда объектілерінің иелеріне ұрлықтың алдын алу мақсатында іс жүзінде өзінің тиімділігін көрсететін заманауи қорғау құралдарының кешенін енгізуді ұсынады.