Polisia.kz мәлім еткендей, Елордаға отбасымен уақытша тұруға келген қала қонағы тәртіп сақшыларына хабарласып, алаяқтың алдауына түскенін айтып жүгінген. Болған мән-жайды анықтауға жұмылған Сарыарқа ауданы ПБ жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен “Крыша KЗ” қосымшасы арқылы интернет-ресурстарды пайдаланып, жоқ пәтерді жалға берумен айналысты деген күдікпен 27 жастағы азаматты ұстаған. Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті әлеуметтік желі арқылы жәбірленушіге қаланың көрікті жерінен жақсы пәтер тауып беремін деп сеніміне кірген. Алайда аталған күдікті өзіне керекті төлемді алдын ала алған соң бірден байланысын үзіп, телефонын блокка қойғаны белгілі болған. Сөйтіп жәбірленушіге 10 мың теңге шығын келтіріп, басқа пәтер іздеуіне тура келген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындап, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Бұған дейін де алаяқтық есебінде тұрған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және қаражат аудару кезінде аса мұқият болуға кеңес береді.